Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтетін гастрофестиваль қонақтар мен қатысушыларды оған қатысып жатқан елдердің ұлттық дәм талғамын ескере отырып жасалған ерекше тағамдарымен қуантады. Күн сайын кәсіби аспаздар жаңа ас әзірлеп жарысады.
Фестивальдің ашылу құрметіне орай нәрлі балық сорпасы (уха) күн тағамы болады. Ресей мен Қазақстанның әр өңірінен жиналған сайыскерлер оны Аспаздар қауымдастығының дипломды төрешілеріне, Башқұртстан рестораторлары мен мейманхана басшыларына ұсынады. Сарапшылардан бөлек барлық тағамның дәмін көретін фестивальге қатысушылар да өз таңдауын жасайды.
Фестивальдің ашылу құрметіне орай нәрлі балық сорпасы (уха) күн тағамы болады. Ресей мен Қазақстанның әр өңірінен жиналған сайыскерлер оны Аспаздар қауымдастығының дипломды төрешілеріне, Башқұртстан рестораторлары мен мейманхана басшыларына ұсынады. Сарапшылардан бөлек барлық тағамның дәмін көретін фестивальге қатысушылар да өз таңдауын жасайды.
Фото: Башқұртстан Республикасының Кәсіпкерлік және туризм министрлігі
Фестивальдің екінші күні бешбармақтың хош иісіне толы болады. Қатысушылар гастрофестивальдің ашық алаңындағы қазандарда ас пісіреді.
– Бешбармақ – түркі халықтарының ет пен ұннан жасалатын дәстүрлі тағамы, бірақ оны әркім өзінше әзірлейді. Мысалы, Башқұртстанда бешбармаққа сүйегі бар қой не жылқы етін қосады, ал жаймасын кішірек етіп төртбұрыштап турайды. Ал Қазақстанның бірқатар аймағында қой, сиыр, жылқы және түйе етін қосады. Не дегенмен, Ресей мен Қазақстаннан келген кәсіби мамандар біздің фестивальде өз шеберлігін көрсетеді. Өте дәмді болады, – деді Башқұртстанның Аспаздар, рестораторлар және мейманхана басшылары қауымдастығының басшысы Наталья Чибрикина.
Бірақ мұнымен шектелмейді. Ұйымдастырушылар әзірше аты аталмаған танымал бас аспаздар өткізетін шеберлік сағаттарын дайындап қойды.
Фото: Башқұртстанның Аспаздар, рестораторлар және мейманхана басшылары қауымдастығының сайты
Гастрофестиваль форумның ең адам көп баратын орындарының бірі болады. РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова форумға шақырғанда қонақтар Ресей, Қазақстан және Башқұртстан халықтарының авторлық тағамдарынан дәм татады:
"Мықты болыңыздар. Бұл расымен оңай емес, бірақ өте дәмді" деп бекер атап өткен жоқ.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады.