25-26 қарашада Уфада болатын форум аясында өтетін спорт фестивалі Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Екі күн бойы бірнеше ірі спорттық іс-шара күтіледі.
25 қараша күні «Динамо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының билік органдары, бизнес өкілдері және танымал тұлғаларынан құралған командалар баскетболдан "Достық кубогы" жолдастық матчын өткізеді. Команда құрамында әйгілі спортшылар да бар, сондықтан ойын әсерлі болатыны анық.
Дәл сол күні «Динамо» халықаралық "Достық кубогы" матчына қатысатын «Динамо» баскетбол клубы мен Ақтөбе» (Ақтөбе қ-сы, Қазақстан) кәсіби ерлер баскетбол клубын қабылдайды.

Фото: БР Спорт министрлігі
Башқұртстанның Спорт министрлігі хабарлағандай, көрермен үшін де қызық белсенді шаралар болады. Қонақтарды кез келген жасқа жарайтын дрон-баскетбол, PlayStation NBA 2024, аквагрим, команда ойыншыларымен суретке түсу және авторграф-сессиялар сияқты қызықтар күтеді. «Динамо» БК-ның жарқын қолдау тобы және фотосуретті бірден шығарып алуға болатын фотозона. «Динамо» баскетбол клубы ұйымдастыратын байқаулар мен жүлделі ұтыс ойындары.
Фото: БР Спорт министрлігі
Файзи Гаскаров атындағы әйгілі башқұрт ансамблінің өнер көрсетуін қосқанда, іс-шара көптеген ойын-сауық және сәулелі шоу-бағдарламалар болатын Жұлдыздар Матчы форматында өтеді. Сонымен қатар алаңда фан-зона жұмыс істейді.
Ал 26 қарашада «Уфа-Аренада» спорт фестивалі аясында Башқұртстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы (Солтүстік Қазақстан облысы) ардагерлер командалары арасында жолдастық хоккей матчын өткізу жоспарланған. Бұл оқиға «Динамо» баскетбол клубындағы мерекеден кем болмайды.

Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.
Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.
Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/
Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person