Жаңалықтар

Мықты бол: Захарова Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның өңіраралық форумындағы "сынақ" туралы мәлімдеді.

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова Уфада 26-27 қарашада болатын Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы айтты. Ол форум жыл сайын екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын қолдау мақсатында болатынын атап өтті.
– XX форумның қонақтарын Уфада оқиғаға толы іскерлік, мәдени бағдарлама күтеді. Қызығып отырмын. 2 күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлерінің сауда-экономикалық әлеуетін жүзеге асыру, өңіраралық байланысты нығайту, екі елдегі өнеркәсіп кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыптары талқыланады, – деді Мария Захарова. – Уфа қонақ күте алады. Бұл жолы да жағымды кездесулер өтетініне сенімдімін.
РФ СІМ Ақпарат және баспа департаментінің директоры 2023 жылы форум Қазақстан Республикасындағы Қостанай қаласында болғанын атап өтті. Оның нәтижесінде ынтымақтастық туралы 5 өңіраралық құжатқа және жалпы сомасы 7,7 млрд рубль құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

Мария Захарова алда болатын XX форумдағы оқиғаларды қысқаша сипаттады. Ресей мен Қазақстан өңірлерінің ірі габаритті машинажасау техникасы экспозициясы, Ресей мен Қазақстанның халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі, В2В-кездеуслерге арналған алаң, жас көшбасшылар форумы және басты мәдени шара – сән көрсетілімі туралы сөз қозғады. Ресей, Қазақстан және Башқұртстанның авторлық тағамдары ұсынылатын бірегей гастрономиялық фестивальді Мария Захарова тіпті нағыз сынақ деп атады.
– Тағы бір нәрсе күтеді... бұл жағдайда сынақ дер едім. Сөз гастрономиялық фестиваль туралы болып отыр. Олар қалай өтетінін білемін. Форум қонақтары Ресей, Қазақстан және Башқұртстан халықтарының дәстүрлі және авторлық тағамдарынан дәм тата алады. Мықты болыңыздар, – деп күлімсірей ескертті РФ СІМ өкілі. – Бұл расымен оңай емес, бірақ өте дәмді.
Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді.
Made on
Tilda