Жаңалықтар

Уфа да Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің үкіметаралық өзара іс қимыл Бағдарламасына қол қойылады

Іс-шаралар өтетін күн: 2024 жылдың 26-27 қарашасы

Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі, Башқұртстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталады.

Форум екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. Дәстүрлі түрде оған бизнес, ғылыми және қоғамдық орта өкілдері, министрлік басшылары, Ресей Федерациясы субъектілерінің басшылары мен Қазақстан Республикасы облыстарының басшылары қатысады. 3500-ден астам қатысады деп күтілуде.
Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров атап өткендей, Қазақстан Ресей аймағының негізгі серіктестерінің бірі саналады. Башқұрт-қазақ арасындағы қарым-қатынастың сан ғасырлық тарихы бар, ал ортақ этникалық байланыстардың тамыры терең. Бүгін екі республика парламентаралық, іскерлік байланыстарын, сонымен қатар инвестициялық жобаларын белсенді дамытып жатыр.
– Біз Қазақстанның қалай қарқынды дамып келе жатқанын қуана бақылап отырмыз. Арамыздағы жылдық айналым 500 млн долларға жақындап қалды және оның арту мүмкіндігі аса жоғары. Жақын болашақта оны іске асыруға күш саламыз. Бұл ретте өнеркәсіп кооперациясы бағытында белсенді іс атқару маңызды. Біз Қазақстанда өндіріс орындарын ашып жатқан Башқұртстан кәсіпорындарының саны артқанын көріп отырмыз, – деді Радий Хабиров.
Қатысушыларды мазмұнды іскерлік және мәдени бағдарлама күтеді. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперацияларының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді.
Made on
Tilda