Уфадағы Күрес сарайы 26-27 қарашада есік ашатын Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтетін алаң ретінде таңдалды. Бұл екі ел үшін маңызды оқиға ғана емес, Ресей және Қазақстан халықтарының бай мәдениеті мен спорт дәстүрін көпке паш етудің керемет мүмкіндігі.
Республиканың 450 жылдық мерейтойына орай бой көтерген Күрес сарайы Ресей ғана емес, күллі әлемдегі аса ірі спорт кешендерінің бірі болды. Ол Христостың қайта тірілуі (Воскресение Христова) шіркеуінің артында, Муса Гареев, Архитектор Рехмуков, Рудольф Нуреев және Комсомольская көшелерінің аумағында орналасқан. Ол көз үйренген стадиондар мен дәстүрлі спорт кешендеріне мүлде ұқсамайтын сәулетімен ерекшеленеді. Бұл жай ғана спорттық ғимарат емес, заңғар әрі көркем кескінімен таңдай қақтыратын нағыз сарай. Күрес сарайының заманға сай инфрақұрылымы мен сыйымдылығы аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

Фото: Башқұртстан Республикасының Үкіметі
28 мың шаршы метр аумақты алып жатқан бес қабатты кешен алуан түрлі жарыс пен мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге қабілетті. Оның құрамында өлшемі 32х62 метр болатын әмбебап спорт-концерт залы мен 3,5 мыңға жуық адам сыятын амфитеатр бар. Кешен жекпе-жектен жаттығу өткізетін залды, спортшыларды қолдау және оңалтуға арналған медицина орталығын, сонымен қатар екі жаттығу залы мен жалпы дене дайындығына арналған тағы екі залды қамтиды. Жүзгенді жақсы көретіндер үшін 25 метрлік жеті жолақты бассейн бар. 150 орынды қонақ үй, мейрамхана және спорт-бар қатысушылар мен көрермендердің жайлылығын қамтамасыз етіп, Спорт сарайын кез келген ауқымдағы іс-шара ұйымдастыруға жарайтын әмбебап орын етеді.
Ғимараттың тұжырымдамасы көне тарихты меңзейді. Мұнда ежелгі грек балуандарын бейнелейтін бедерлі суреттерді көруге болады, бұл қазіргі спорттың түп тамырымен байланысын айқындайды. Күрес Олимпиада ойындарына сонау біздің заманымызға дейінгі 708 жылы қосылған ең алғашқы жарыс түрлерінің бірі болды, ал бұл сарай дәл осы көне дәстүрдің символына айналады.
Осындай заманауи спорт орталығын ашу Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың арманы болатын. Ғимаратты мамандар бүкіл спортшыға, соның ішінде жайлы жерде спортпен шұғылданғысы келетін кішкентай ұл-қыздарға арнап салды.
Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің спортшылары, жаттықтырушылары және спортқа қызығатын жандар бас қосатын спорт фестивалін өткізу жоспарланған. Фестиваль өзара тәжірибе алмасып, жетістіктерді жұрт назарына ұсынатын және байланысты бекіте түсетін алаң болады.