Жаңалықтар

Дмитрий Вольвач Башқұртстанның Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындығына жоғары баға берді

РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач Башқұртстанның 26 және 27 қарашада Уфада өтетін Ресей мен Қазақстанның мерейтойлық XX өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындығына қатысты пікір білдірді. ТАСС агенттігіндегі баспасөз конференциясында министрдің орынбасары республика инвестициялық, сауда, логистикалық, ғылыми-техникалық және өндірістік кооперацияға жоғары дәрежеде дайындалғанын атап өтті. Дмитрий Вольвач мерейтойлық форумды Башқұртстан аумағында өткізуге бір жағынан осы себеп болғанын мойындады.
– Қонақтар үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді, көптеген делегация келеді деп күтіп отырмыз. Онда Ресей Федерациясынан да, Қазақстаннан да жиналатын бизнес, өңірлік командалар болады, – деді министрдің орынбасары.
Дмитрий Вольвачтың айтуынша, мұның бәрі форумның толыққанды өту тәртібі мен қонақтарға жайлы болуын қамтамасыз ету үшін жасалды. Қатысушылардың қысқа уақытта қазіргі Башқұртстанның жетістіктерімен де, B2-сессиялардың мүмкіндіктерімен де, Іскерлік кеңестің күн тәртібімен де танысуына жағдай жасаған бағдарламаның функциялы болуын ерекше атап өтті.
Анықтама:
Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы екі елдің экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланысын сақтау және дамыту мақсатында жыл сайын өтеді. 20 жыл ішінде Форум Ресей мен Қазақстанның іскерлік орталары арасында тәжірибелік ынтымақтастық аясын кеңейту және өзара тиімді стратегиялық әріптестікті бекітуге арналған дәстүрлі алаң беделіне ие болды.

Еске салайық, Ресей мен Қазақстанның XX өңіраралық ынтымақтастық форумы 26-27 қарашада Уфадағы жаңа Күрес сарайында болады. Екі күн бойы Ресей мен Қазақстан өңірлері арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті жүзеге асыру, екі елдің өңіраралық байланысы мен кооперациясының мүмкіндігін арттыру тақырыбында түрлі талқылау өтеді. Сонымен қатар қонақтарды түрлі оқиғаға толы мәдени бағдарлама күтеді. Мерейтойлық форум нәтижесінде қатысушы елдер 12 түрлі саладағы 140 іс-шараны қамтитын өңіраралық және шекарамаңы ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды.

Толық ақпарат алда болатын Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумының ресми сайтында: https://russia-and-kazakhstan-forum.com/

Мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://reg.russia-and-kazakhstan-forum.com/person
Made on
Tilda